21.10.2026
25 қазан — Қазақстан Республикасының күні, еліміздің ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл күн тәуелсіздіктің, бірліктің, бейбітшілік пен Қазақстан халқының ынтымағының символы болып табылады.
Мереке қарсаңында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған елдің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қатысушылар Республика күнінің тарихымен танысып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен бұл мерекенің маңызы туралы мағлұмат алды.
Кітап көрмесі оқырмандардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етті.
Отанымыз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, береке мен бақыт салтанат құрсын!