13.10.2026
4 «А» сыныбында математика пәнінен «Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қозғалысқа байланысты есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, жылдамдық, уақыт және қашықтық арасындағы байланысты түсіндіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сабақ барысында оқушылар әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдалану мақсатында жасанды интеллект көмегімен әзірленген тапсырмалар қолданылды. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тапсырмаларды белсенді әрі шығармашылықпен орындауына мүмкіндік берді.Сонымен қатар оқушылар есептер шығарып, өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Сабақ барысында олардың математикалық сауаттылығын арттыруға, өздігінен жұмыс істеуіне және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуіне ерекше назар аударылды.Ашық сабақ мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану сабақтың заманауи талаптарға сай ұйымдастырылуына және білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға жол ашты.