08.10.2026
Тарих пәнінің мұғалімі Недопёкина С. Ф. 9 «Б» сынып оқушыларымен «Қазақстан тың игеру дәуірінде» тақырыбында сабақ өткізді. Оқу мақсаттары: себеп-салдарлық байланыстарды талдау негізінде демографиялық өзгерістер туралы дәлелді қорытынды жасау; кеңестік кезеңдегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерді бағалау.
Сабақтың басында психологиялық ахуал жүргізілді, «Шындық немесе өтірік» әдісі арқылы оқушылардың білімдері тексерілді. Одан әрі оқушыларға жұптық жұмыс ұсынылды .Оқу материалын пайдалана отырып, экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарға назар аударып, кестені толтырды.
Кейін қосымша материалдар мен Венн диаграммасын пайдалана отырып, ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы және 50-жылдарындағы демографиялық өзгерістерді талдады.
Сабақ соңында «Еркін микрофон» әдісі арқылы рефлексия жүргізілді. Оқушылар сабақты қорытындылап, тың игеру науқанының еліміздің тарихындағы маңызы туралы өз пікірлерін білдіріп, осы тарихи кезеңнің қайшылықты салдарына баға берді.
Сабақ жоғары деңгейде, мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті және 9-сынып оқушыларының қызығушылығын оятты.